KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
484.11 528.79 5.03

Француздарды ШҚО-да археология қызықтырады

23.04.2018, 10:48 47

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметовтің Франция Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ мырзамен өткен кездесуі барысында белгілі болды.


Облыс әкімі мәртебелі қонақты Шығыс Қазақстанның мәдени-экономикалық әлеуетімен таныстыра келе, тараптар арасындағы туризм, археология, білім сияқты салалардағы әріптестігін нығайтуға шақырды.


– Біздің облыста Берел, Шілікті, Аблайкит, Қоңырәулие сияқты тарихы әрі мәдени маңызы зор нысандар жетіп артылады. Осыдан бір жарым жыл бұрын археологтарымыз Патшалар жазығынан кезекті қорым тауып, оның ішінен тағы бір «Алтын адам» шықты. Бұл жаңалық бүкіл республикаға тарап, Алтайды мекен еткен ата-бабаларымыз біздің заманымызға дейінгі 7-ші ғасырда-ақ алтын өңдеу технологиясын жетік меңгергендерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жалпы, біздің облыстағы қазба жұмыстарына қазақстандықтармен қатар, шетелдік ғалымдар да қатыса алады. Сол себепті, Францияның белді археологтарын біздегі зерттеу жұмыстарына қатысуға шақырамыз, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Негізгі мамандығы гуманитарлық салаға жақын болғандықтан, Филипп Мартинэ мырзаны да бұл тақырыптар айрықша қызықтырады екен.


– Шығыс Қазақстанға сапарымды кеше Семей қаласындағы Абай қорық-музейіне барудан бастадым. Бұл сапарымнан ерекше әсер алдым. Жалпы, сіздердің облыстарыңызға келудегі негізгі мақсатым екі ел арасындағы мәдени әріптестікті нығайту болатын. Әсіресе, сіз сөз еткен археология мен білім салаларына басымдық беріп отырмыз. Жазда Шығыс Қазақстанға тағы бір рет келіп, өзіммен бірге француз археологтарын ертіп келуге уәде беремін, – деді елші.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив