KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Өскеменде Қасым Қайсеновтың 100 жылдық мерейтойы атап өтілді

23.04.2018, 05:51 186

Қасым Қайсеновтің 100 жылдық мерейтойына орай Ұлы отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, сондай-ақ өскемендіктер Халық қаһарманының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.


Айтулы шара барысында атақты партизан-жазушының өмірбаяны, келешек ұрпаққа аңыз болып кеткен қаһарлы күндердегі ерлігі туралы туысқаны Талғат Исенов әңгімелеп берді. Бұдан соң қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сергей Денякин мен Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Абдикаримов сөз алып, кейінгі ұрпақты батыр ерлігін ұмытпауға шақырды.

Шараға жиналған жұртпен арнайы келген мектеп оқушылар батырдың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.


[su_slider source="media: 29524,29525,29526,29465"]

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив