KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
474.57 513.63 5.53

Астананың 20 жылдығына арналған көрме ашылды

18.04.2018, 06:49 62

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ғылыми кітапханасында Елордасы – Астананың 20 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды. «Астана – Қазақстанның жарқын болашағының символы» атты көрмеге 30-дан астам кітап пен мерзімді басылымдар қойылған. Көрменің мақсаты – жас астананың қалыптасу, даму тарихымен таныстыру.


Бүгінгі Астана – барлық қазақстандықтарды біріктіріп тұрған жарқын да мықты,  болашаққа ұмтылған гүлденген қала. Біз өз қонақтарымызға осыны көрсеткіміз келді, - дейді кітапхана жетекшісі Назым Тілеубекова.


Көрмені тамашалаған жастар Астананың шынында да Қазақстанның мақтанышы екенін мойындап, сүйіспеншіліктерін білдірді.


Мен Астанада ешқашан болған емеспін. Осынау көрменің арқасында мен мемлекетіміздің астанасы туралы көп ақпарат алдым. Енді Астананы көргенше асықпын, - дейді Айзада Адылбаева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив