KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
480.55 533.75 5.36

Уақытты қайтару туралы өтініш: алдын ала шешім жарияланды

2.08.2024, 14:45 97 Айжанат Бақытқызы

Жұмыс тобының төрағасы, Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев 2 тамызда Қазақстанда ескі уақыт белдеуіне оралу туралы петицияны қоғамдық талқылау барысында алдын ала шешім шығарылғанын мәлімдеді,  деп хабарлайды Altainews.kz сайты Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, өтінішті қарау кезінде сағат белдеуінің өзгеруі электр энергиясын тұтыну мен халықтың денсаулығына әсер етті деген уәждер расталмады.

«Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық мәліметтерге сүйенетінін айтып, статистика 12 облыс пен республикалық маңызы бар үш қалада сағат тілі ауысуы халықтың әл-ауқатына әсер еткенін растаған жоқ», — деді Қайрат Балықбаев.

Оның айтуынша, уақыт белдеуін ауыстыру кезінде халықаралық зерттеулерге талдау жасалған.

«Біз қараған барлық кезеңде арызданушылардың уәждері расталмады, сондықтан мен министрліктің алдын ала шешімін айтып отырмын, бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы», — деп түйіндеді вице-министр.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив