KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Өскемендегі сауда орталықтарының бірінде оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді

13.04.2018, 07:40 78

Сценарий бойынша, өрт «Император» сауда кешенінің оңтүстік-шығыс бөлігінде үшінші қабатта шықты. Бұл нүкте бекерге таңдап алынған жоқ, себебі осы жерде жанатын заттар көбірек шоғырланған, тондар мен ішіктерді сататын бөлмелер осы жақта орналасыпты.


Өрт сөндіру-тактикалық жаттығулар әскери дайындық режимінде өтті. «Өртті» байқаған сауда орталығының қызметкерлері өрт сөндірушілерді шақырады. Құтқарушылар келе салысымен қызметкерлер мен тұтынушыларды дереу ғимараттан шығарып, шартты өрт шыққан жерге су жіберетін шланганы орнатты. Өртке қарсы күрес қызметінің басқа мамандары осы сәтте терезеге баспалдақ қойып, келушілерді сыртқа шығарумен айналысып жатты. Арнайы жастық орнатылып, оған сауда үйінің төбесінен шартты зардап шегушілер (манекендер) лақтырылды.


-Біздің сауда орталығының персоналдары шамамен 180 адам болады, ал күнделікті орташа есеппен 2000 тұтынушы келеді. Сол себепті де біз жылына екі рет жоспарлы түрде оқу-жаттығуларды өткіземіз, жоспардан тыс эвкуациялық жаттығуларды жасаймыз, - деді «Император» сауда кешенінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері Марина Вардюк.

Жаттығулардың басты мақсаты – сауда орталығының қызметкерлері мен өртке қарсы қызмет мамандарының, полиция мен жедел жәрдемнің өзара іс-әрекетін жетілдіре түсу болды.


-Қойылған барлық міндеттерді сауда кешенінің персоналдары мен өрт сөндірушілер ойдағыдай орындап шықты. Бұл жаттығулар алғашқы емес. Мысалы,  өткен жылы осындай оқу-жаттығулар адам аяғы қалың 24 нысанда ұйымдастырылған. Биыл Кемеровода болған қайғылы оқиғадан кейін сауда орталықтарында жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, артынша жаттығулар өткізіліп жатыр, -  деп түсіндірді өрт сөндіру қызметінің бастығы Дмитрий Титов.

[su_slider source="media: 28396,28397,28398,28399,28400,28401,28402"]


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив