KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 7 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Мұзтау шыңы Қызыл кітапқа енетін болды

12.06.2017, 18:00 124


Облысымыздың 37 киелі орнында қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған жобалар жүзеге асады. Аймақ басшысы Даниал Ахметов ғалымдардың бұл бастамасын толық қолдап отыр.

Мәдени мұралардың Қызыл кітабына енгізу үшін жоғары оқу орындары мен түрлі басқармалар сарапшылардың назарына 154 нысанды ұсынған болатын. Ғалымдар соның ішінен 37 жобаны іріктеп алды. Олардың бәрі тарихи-мәдени, өлкетану, туристік және ақпараттық бағыттарды қамтиды.

Қоғамдық сананы жаңғыртудың өңірлік бағдарламасы аясында «Үлкен Алтай» музейін құрып, мәдени мұралардың Қызыл кітабын түзу жоспарлануда.

-Жақсы бастама. Қызыл кітапқа өңірдің мәдени мұрасына жататын нысандар туралы толық ғылыми ақпарат енуі тиіс. Бұл аймақтағы бірегей орындарды туристік маршруттарға қосып қана қоймай, аспан астындағы таңғажайып музей құруға негіз болмақ, - деді Даниал Ахметов.

Киелі орындардың аталмыш картасына Қоңыр Әулие үңгірі, Шілікті жазығы, Берел қорымы, Мұзтау шыңы, Ырғызбай Досқанаұлының кесенесі сынды әйгілі орындар кіргізіліпті. Бұл карта әлі де толықтрылмақ.

Есімжан Нақтыбайұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив