KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
441.58 480 4.86

Тарбағатай мен Бородулиха аудандарына гастрольдік сапар

11.04.2018, 11:21 137

10-11 сәуір және 15-17 сәуір күндері аралығында ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мәдениет және өнер мекемелері Тарбағатай және Бородулиха аудандарына гастрольдік сапармен барады. Бұл іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отыр.


Аудандардың көрермен жұртшылығын «Ертіс концерт» ұжымы арнайы бағдарламасымен, Абай атындағы драма театры «Бір түп алма ағашы», «Беда от нежного сердца» атты спектакльдерімен қуантса, ШҚО тарихи-өлкетану музей облыстық музей өзінің қорындағы тарихи жәдігерлерін, «Бабалар мұрасы» археологиялық қазбалар бойынша артефактар және «Времен связущая нить» атты көрмесі мен декоративті өнер туындыларын паш етпекші.


Сондай-ақ, Абай атындағы облыстық кітапхананың мобильді-жылжымалы көрмелерімен Бородулиха ауданының бірқатар ауылдарын аралап, сирек кездесетін латын қаріпімен терілген кітап-жинақтарды елге таныстырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив