KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 2 м/с, СШ
465.52 498.2 5.45

Бородулиха ауданына гастрольдік сапар

18.04.2018, 07:06 170

15-19 сәуір күндері ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мәдениет және өнер мекемелері Бородулиха ауданына  келіп,  Елбасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында,  сонымен қатар, облыс басшысы Даниал Ахметовтың  бастамасымен гастрольдік сапарларға шығып, ауыл-ауылдарды аралап, ұлттық рухтарды паш ететін қойылымдар мен ән-жырларды, тарихи  құндылықтарды тұрғындар мен халықтың назарына ұсынды.


Осы күндері «Ертіс концерт» концерттік ұжымы концерттік бағдарламамен, «Абай атындағы драма театр» өнерпаздары  Иранғайыптың  «Жақсылық пен Жамандық» ертегілік  қойылымы мен  Ә. Оразбековтың  «Бір түп алма ағашы» атты драмалық  қойылымдарды сомдап, Ф  Достоевский  орыс драма театры  «Беда от нежного сердца» спектакльдерімен көрермендерін қуантса, ШҚО тарихи-өлкетану музей облыстық музей қорындағы тарихи жәдігерлермен аудан тұрғындарын «Бабалар мұрасы» археологиялық қазбалар бойынша артефактармен және «Времен связущая нить» атты көрме арқылы ШҚО декоративті-қолданбалы өнер туындыларымен етене таныстырды.


Сондай-ақ, Абай атындағы облыстық кітапхананың мобильді-жылжымалы көрмелерімен Бородулиха ауданының бірқатар ауылдарын аралап сирек кездесетін латын әріптерімен терілген кітаптар-жиынтығының көрмелері өткізілді.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив