Қалбатаудың кәріз тазарту станциясы жаңартылады
Ағымдағы жылы Қалбатау ауылындағы кәріз тазарту станциясына қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Оған республикалық бюджеттен 337,2 миллион теңге бөлінген.
Сондай-ақ, Қапай батыр ауылындағы биотермиялық шұңқыр құрылысына аудандық бюджеттен 34 миллион теңге қарастырылған. Аудан әкімі Нұрлан Сыдықовтың айтуынша, былтыр Жарма өңіріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 34,9 миллиард теңгені құраған. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 12,3 пайызға артық.
– Алдағы уақытта ауданда атқарылатын шаруа көп. Мәселен, ауылдарға ауыз су құбырларын тартып, жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз, - дейді Нұрлан Сыдықов
Оқи отырыңыз