KZ
Өскемен
небольшой снег жел 5 м/с, В
491.71 529.97 5.05

Мүгедектікті тағайындау тәртібі өзгереді

9.04.2018, 07:39 114


Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, елімізде қоғамның әртүрлі топтарына мемлекет тарапынан тағайындалатын жәрдемақыларды төлеу тәртібі өзгерген болатын. Бұл өзгерістер мүгедектікті тағайындау мәселесіне де қатысты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Батыс Қазақстан облысында тәжірибеден өткізіліп жатқан осы жобаның барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz .




Бұрын науқастар мүгедектік алуы үшін ауруханада айлап жатып, емханада тексеріліп, сан түрлі құжат жинап, содан кейін ғана медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтіп, мүгедектік туралы құжатын ала алатын. Жаңа жоба бойынша бұл тәртіп өзгерді. Енді мүге­дектік науқастың қатысуынсыз, құжат­тарды сараптау арқылы сыртынан тағайындалады. Бұл сырқатқа қатысты барлық медициналық құжат электронды формаға түсіп, науқастың электронды амбулаториялық картасы пайда болған кезде оп-оңай жүзеге асады екен. Яғни мүгедектікті тағайындайтын тәуелсіз сарапшылар электронды көрсеткіштерді сараптау арқылы шешім қабылдайды. Бұл құжаттарда науқастың аты-жөні көрсетілмейтіндіктен, сарапшылар тіпті кімге мүгедектік тағайындап отыр­ғандарын да білмейді екен.



Соңғы кезде өңірде денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру ісі жедел жүруде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаевтың айтуынша, өңірдің медициналық ұйымдарында «Kazmedinform» медициналық ақпа­раттық жүйесі, қаланың 6 емхана­сында электронды кезекті басқа­ру жүйесі, жедел медициналық жәрдемді басқару­дың «АДИС» автомат­танды­рылған жү­йесі енгізілген. Мұның бәрі жоғары­да айтыл­ған мүге­дектікті тағайын­дау жөніндегі қанатқақты жобаны сы­нап көруге толық мүмкіндік береді.




С.Жақыпова Оралдағы №3 емха­наның жұмысымен танысқан соң, меди­циналық ақпараттық жүйе бойынша өңірлер арасында Батыс Қазақстан облы­сының көшбасшы екендігін айтып өтті. Міне, сондықтан да аталған қанатқақты жоба бірінші болып Ақ Жайық өңірінде іске қосылады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив