KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 7 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Аягөзде үздік дене тәрбиесі мұғалімі анықталды

6.04.2018, 04:30 109

Жуырда облыс орталығында «Үздік дене тәрбиесі мұғалімі – 2018» атты байқау өтті. Байқауға Аягөздегі № 4 жалпы беретін орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мақсат Ардашев қатысып қайтқан болатын. Спорттық туризм саласын, регби ойынын кеңінен насихаттап, дамытуға атсалысып жүрген оның бұл салада жеткен жетістіктері бір төбе.


Байқау төрт кезеңнен тұрды. Атап айтқанда, І кезең - Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің таныстырылымы, II кезең – «Жаңа мектепке – заманауи сабақ», III кезең – «Тиімді жұмыс тәжірибесі әркімнің тәжирибесіне», IVкезең – «Достық стадионы» деп аталды.



Жарыс қорытындысы бойынша № 4 жалпы беретін орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мақсат Ардашев «Үздік дене тәрбиесі мұғалімі – 2018» атты ІІІ республикалық байқауының облыстық кезеңіне қатысу үшін І орынды жеңіп алды. Сөйтіп, Щучинск қаласында 16-19 сәуір аралығында өтетін республикалық кезеңіне жолдама алды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив