KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 5 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Семейлік «Алтай» чемпионатты жеңіспен бастады

4.04.2018, 07:46 172

Семейлік «Алтай» футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігін жеңіспен бастады. Чемпионаттың бірінші турында ақтөбелік «Ақтөбе-Жас» командасымен шеберлік байқасқан жерлестеріміз қарсыластарын 2:0 есебімен тізе бүктірді.


Жалпы, бұл ойында шығысқазақстандық команданың басымдығы көзге ұрып тұрды. Бұл сөзімізге матчтың небәрі екінші минутында ақтөбелік команданың қақпасына соғылған жылдам гол дәлел бола алады. Аталмыш голды өз еншісіне жартылай қорғаушы Алексей Шакин жазды.


Ал кездесудің 30-шы минутында айып добын тамаша орындаған тағы бір жартылай қорғаушы Владимир Вяткин есепті 2:0-ге жеткізді. Бұдан кейін алтайлықтар есепті еселеуден гөрі, жеңісті ұстап тұру жағын көбірек ойлады. Нәтижесінде, кездесу 2:0 есебімен семейлік команданың пайдасына аяқталды.


Осы жеңісінен кейін қоржынына алғашқы үш ұпай түсірген «Алтай» шымкенттік «Қыран», ақтаулық «Каспий» және көкшетаулық «Оқжетпеспен» бірге чемпионаттың көшін бастады. Келесі кездесуін жерлестеріміз 8 сәуір күні сырт алаңда Шымкенттің «Қыранына» қарсы өткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив