KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

«Алтай» «Каспийді» 4:0 есебімен ойсырата жеңді

3.05.2018, 10:19 189

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының алтыншы турында сырт алаңда ақтаулық «Каспиймен» кездескен «Алтай» қарсыласын 4:0 есебімен талқандады.


Бұл семейлік команданың биылғы маусымдағы екінші ірі жеңісі болғанын айта кеткен жөн. Естеріңізге салайық, чемпионаттың бесінші турында алтайлықтар өз алаңында Қызылорданың «Байқоңырын» 3:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын.


Ал «Каспиймен» өткен кездесудегі бірінші голды 21-ші минутта шабуылшы Дәурен Қайқыбасов соқса, жеті минуттан кейін тәжірибелі жартылай қорғаушы Алексей Шакин есепті еселеді. «Алтай» футболшылары екінші таймда да қарқындарын бәсеңдетпей, қарсылас қақпасынан тағы екі мәрте саңылау тапты. Көзге түскен Арман Нүсіп пен Жандос Сұлтан.


Осы жеңісінен кейін он екі ұпай жинаған алтайлықтар турнир кестесінде бір сатыға жоғарылап, үшінші орынға жайғасты.

Келесі кездесуін жерлестеріміз 8-ші мамыр, сейсенбі күні өз алаңында «Тараз» футболшыларына қарсы өткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив