KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 1 м/с, С
483.23 534.74 5.12

Семейдің маңында жаңа емдік-сауықтыру кешені бой көтереді

3.04.2018, 05:38 166

Бесқарағай ауданында «Қожагелді» емдік-сауықтыру кешені мен «Жаңа ауыл» киіз үйлер қалашығын салуға бағытталған ауқымды жоба жүзеге асырылмақ. Жобаның құны 800 миллион теңгені құрайды. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында Бесқарағай ауданының әкімі Дәулет Батырбаев айтып өтті.


«Қожагелді» емдік-сауықтыру кешені 250 туристі қабылдай алатын екі қабатты қонақүйден, 22 орындық коттедждерден және 220 орындық асханадан тұрады. Демалушылар үшін бассейн және пантованналар, батпақпен емдеу, қымызбен емдеу, фитобөшкелер, массаж қызметі бар, күніне 210 адамға қызмет көрсететін емдік-сауықтыру кешені жұмыс істейді. Жазғы алаң аумағында теннис, волейбол, баскетбол алаңдарымен қатар сауна, жағажай, катамарандар мен қайықтар да болады.


Осы жерде 250 орындық киіз үй сәулетіндегі екі қабатты мейрамханадан және 48 орындық қонақ бөлмелерінен тұратын «Жаңа ауыл» киіз үйлер қалашығы да бой көтермек.


-Жоба аясында 80 жаңа жұмыс орны ашылады. Кешен Семей қаласынан 7-8 шақырымдағы табиғаты керемет жерде орнласқан,-дейді аудан әкімі Дәулет Батырбаев.

 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив