KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 6 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Колледжге сурдоаудармашы мамандар қажет

3.04.2018, 04:41 252

Мүмкіндігі шектеулі студенттерге білім берумен, жұмыспен қамтуда жетістіктермен қатар түйткілді мәселелер де жоқ емес. Бұл жайлы «Техникалық және кәсіптік білім беру орталығының» басшысы Ришат Рамазанов айтып өтті:


-Өкінішке қарай, республика бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың саны жөнінен облысымыз бірінші орында. Қазір өңірімізде кәмелет жасына толмаған мүмкіндігі шектеулі 1490 бала бар. Соның 265-і ғана кәсіби мамандық алып, болашақта қоғамдағы өзінің лайықты орнын алу үшін колледждерде оқып жүр. Білім беру саласы тарапынан аталған санаттағы балаларды оқытып, мамандық алуы үшін мүмкіндігінше барлық жағдай жасалып жатыр. Бірақ қолында димломы бар, мүмкіндігі шектеулі маманды кәсіпкерлер, жұмыс берушілер жұмысқа алуға құлықты ма? Олар үшін қолайлы жұмыс орындары бар ма? Жұмысқа қабылдаған күннің өзінде ол кәсіпорын ерекше маманның жүріп-тұруына қолайлы пандус, тағы басқа қажеттіліктермен қамтылған ба? Жалпы кәсіпорындар бос орынға маман қабылдағанда өздерінің талаптарын қойып жатады. Ал осы кәсіпкерлер, жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі адамды жұмысқа қабылдаса, мемлекет тарапынан субсидия алатындығын, ерекше мамандар салықтан босатылатындығын білсе екен. Кейбір жұмыс берушілер бұл заң туралы білмеуі де мүмкін.

Тірек-қимыл жүйесінің істемеуі салдарынан арбаға таңылса да ақыл-ойы күшті дамыған балалар бар. Олар да қоғамға өз пайдасын тигізіп, мамандық иесі атануына құқы бар. Сондықтан бұл мәселені жабық күйінде қалдырмауымыз керек.


Тағы бір өкініштісі, қазір университеттерде сурдоаудармашы мамандарын даярламайды екен. Ал колледждерде оқитын студенттердің басым бөлігі көру, есту, қимыл-тірек жүйесінде кінәраттары бар студенттер. Колледж директоры Батырхан Құсманов айтып өткендей, осыған байланысты Өскемендегі қызмет көрсету саласы колледжіне аталған мамандық бойынша екі қызметкер жетіспейді.


Дөңгелек столда бас қосқан сала мамандарының айтуынша, «Инватакси» мүмкіндігі шектеулі жандарды қаланың әр ықшамауданына тасиды. Сондықтан студенттерді сабаққа алып келіп, қайтарда алып кететіндей қызмет ұйымдастырылса, оларға арналып жатақхана салынса деген ұсыныс-пікірлер айтылды.


 


 


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив