KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 2 м/с, ОШ
441.44 473.09 4.75

Қандай жағдайда жерді мемлекет кері қайтарып алады?

28.03.2018, 07:30 289

– Кезінде қожалық құрып, 49 жылға жалға алған 35 гектар шабындық жерім бар еді. Білейін дегенім, Жер туралы кодекске енгізілген соңғы өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес қандай жағдайда жер мемлекет есебіне кері қайтарылып алынады.


А.Садықов,


Жиделі ауылы, Күршім ауданы.


Сауалға облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Оксана Фирсова жауап береді:


– Қазақстан Республикасының Жер заңнамасына енгізілетін өзгерістерге сай ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін алып қою мәселесі 92 бапта қарастырылған. Ондағы 3-тармақтың бірінші бөлігі төмендегідей мазмұндалған:


«Егер шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесін пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған кезден бастап, екі жыл мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайларда, онда мұндай жер учаскесі осы кодекстің 94-бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады».


Кодекстің 84-бабына сәйкес жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін ерекше жағдайларда, бұл мұқтаждықты өзге де тәсілмен қанағаттандыру мүмкін болмаған және мүлікті меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімімен тең құны өтелген кезде не сот шешімі бойынша мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы мүмкін.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив