KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Шемонаиха ауданында төтенше жағдай жарияланды

25.03.2018, 09:25 164

Шемонаиха ауданындағы Үбі өзенінде ерте сең жүріп, мұздың кептелуі орын алып отыр. Соның салдарынан елді мекендерді су басып, ауданда жергілікті аумақта табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.


Қазіргі уақытта азаматтық қорғаныстың аудандық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Халық су басқан жағдайда қайда эвакуациялану керек екені туралы хабарландырылды.



Мұнда Өскемен қаласынан Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылар тобы көмекке келді.


Естеріңізге сала кетсек, күні бұрын құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Үбі өзенінің бірнеше осал жерінде мұздың кептелеуінің алдын алу шараларын жүргізген еді. Дегенмен күн райының жылуынан мұз тез еріп, сең жүруіне тосқауыл қоя алмады.



Қазіргі уақытта 107 адам эвакуацияланды, оның 12-сі балалар. Құтқарылған тұрғындардың бір бөлігі мектептегі эвакуациялық пунктке, қалғандары туыстарының үйіне орналастырылды.



Төтенше жағдай орын алған жерде 11 техника мен 50 адам жұмыс істеуде. Үбі өзенінде жарылыс жұмыстары өткізіліп жатыр. Өзенге жақын орналасқан 40 үй мен 12 аула аумақтарына су жайылып кеткен.



Ұқсас жағдай Зырян ауданындағы Соловьево ауылында орын алуда. Ол жерде де қазір тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.


Осыған дейін Аягөз және Глубокое аудандарында төтенше жағдай жарияланғанын естеріңізге саламыз.


 


Су тасқыны бойынша «112» және «138» телефондары арқылы хабар беруге болатынын естеріңізге саламыз.

 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив