KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семейде Жедел қимыл арнайы жасағының 15 жылдығын атап өтті

21.03.2018, 03:00 201

Қаладағы «Динамо» спорт кешенінде ҚР ІІМ Жылдам қимыл арнайы жасағының құрылуына 15 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты жиын Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімі оркестрінің орындауындағы Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Семей қалалық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Дулат Қазақпаев жиынды өзінің жүрекжарды құттықтау сөзімен жалғастырды:


-Жедел қимыл арнайы жасағының қызметкерлері дегеніміз бұл қылмыстың күрделі түрімен және терроризммен күресте алғашқы орында тұратын адамдар, ел мен жер қорғайтын нағыз ер-азаматтар,-деді ол өз сөзінде,-сондықтан да олар моралдық және дене шынықтыру жағынан тәулігіне 24 сағат дайын болуы қажет. Мен барлығыңызды бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын. Халқымызға қасиетті Наурыз айы, Ұлыстың үлы күні де сіздерге бақ-береке әкелсін!

Шара барысында қызметтік міндетін жауапкершілікпен орындап, жұмсаған қажырлы еңбегі және танытқан белсенділігі үшін Семей қалалық ІІБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Құлжанбеков, ЖҚАЖ рота командирі Ербол Ризин және көптеген Жылдам қимыл арнайы жасағының ардагерлері, қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды.



Сондай-ақ, кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елдар Бауыржанұлының басшылығымен құрамында бокс, самбо, дзюдо, қазақша күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері және спорт шеберлігіне үміткерлерден жасақталған ЖҚАЖ-ының қызметкерлері арнайы көрсетілім өткізді. Онда автоматикалық қару арқылы экстремизм мен терроризм және қарулы қақтығыс кезінде қолданылатын арнайы әдіс-тәсілдер сахналанды.  Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезіндегі құқық бұзушыларға қолданылатын қоян-қолтық ұрысты көрсетті.



Салтанатты іс-шарадан кейін шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. Турнирге Жедел қимыл жасағынан екі команда, 5511 әскери бөлімі, Желілік Ішкі істер басқармасынан, М. Әуезов полиция бөлімінен, Семей қалалық ТЖБ, ОВ 156/6 мекемесі және жол патрульдік полиция батальонының командалары қатысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив