KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

«Ұлан аруы-2018» аудандық сұлулық байқауы өтті

16.03.2018, 11:54 133

2018 жылдың 15 наурызы күні аудандық мәдениет үйінде көктем мерекесі - Наурыз қарсаңында «Жастар орталығы» КММ мен «Дарын» МКҚК-ң  ұйымдастыруымен аудандық «Ұлан аруы-2018» байқауы өтті.


Қазылар алқасының құрамында Аудан әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушы Г. Байгонусова, «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» басшысы Б. Мамарбаев, «Тілдерді оқыту орталығының» директоры Б. Шакеров, «Ұлан аудандық Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А. Жунусова, «Дарын» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы М.Әлібеков, Музыкалық мектеп үйінің директоры Б. Аханова, Ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Абдрахманова байқауды сараптады.


Байқауға 9 ауылдық округтен 10 қыз қатысып, Бас жүлде Қасым Қайсенов кентінің «Айжұлдыз» балабақшасының тәрбиешісі Ернарова Ақбота Ернарқызы иеленді. 1- орынды Бозанбайлық ару Ерланқызы Муслима, 2- орынды Қасым Қайсенов кентінің аруы Скакова Рауан иеленді, 3- орынды Саратовка ауылшаруашылық колледжінің студенті Муканова Асем иеленді. Жүлдегерлер аудан әкімінің мадақтамасымен марапатталып, ақшалай және бағалы сыйлықтарға ие болды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив