Ғасырдан аса ғұмыр кешкен күршімдік аналар
Әлемнің әр түкпірінде ғасырдан астам ғұмыр кешкен адамдар сирек болса да кездесіп жатады. Жасы жүзден екі бірдей кейуананың Күршімде тұратындығы қуанарлық та мақтан етерлік жайт. Аудан орталығының тұрғындары Құсайынова Қизатпану апамыз 1913 жылы дүниеге келсе, Ажикенова Ғайникеш әжей 1914 жылы дүниеге келіпті.
Аудан әкімі СейсенғазыЧукаев, аудандық мәслихат хатшысы Мұхтар Сағанақов, «Нұр Отан» аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибихан Нұрымова біреуі 105, екіншісі 104 жасқа келген аналардың үйіне арнайы барып, сый-сыяпаттарын жасады.
Аудан басшысы бала-шағаларын өсіріп жеткізіп, талай тарихи оқиғалардың куәсі бола жүре еңбектен қол үзбеген ғасырдан астам ғұмыр кешкен әжелерге салиқалы өмір, ұрпақтарының амандығын тіледі.
Өз кезегінде әжейлер ақ баталарын беріп, еліміздің заманы бейбіт, жастары саналы, денсаулығы мықты болуын шын жүректен тілегін білдірд.