ШҚО-да бірқатар жолдар жабылды
Шығыс Қазақстанда бірқатар жолдар жабық деп жарияланды. Бұл туралы ШҚО ТЖД хабарлап отыр.
- 10 наурыз сағат 23:20 бастап республикалық маңыздағы "Өскемен-Зырян-Катонқарағай-Рахман қайнары" автожолының 4-166 шақырымында (Ушанов- Зырян) барлық автокөлік түрлері үшін жол жабық.
-11 наурыз сағат 16:30 бастап су тасқыны жағдайына байланысты республикалық маңыздағы «Қарағанды - Аягөз - Бұғаз» автожолының 528-704 шақырымында ( Баршатас-Аягөз) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.
-11 наурыз сағат 17:00 бастап су тасқыны жағдайына байланысты облыстық маңыздағы «Аягөз – Қарауыл – Семей – Қайнар» автожыолының 0-144 шақырымында (Қарауыл) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.
-11 наурыз сағат 19:00 бастап ауа-райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) республикалық маңыздағы «Алматы - Өскемен» автожолының 967-778 шақырымында (Қалбатау – Аягөз) маршруттық рейстік жолаушылық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.
11 наурызд сағат 22:00 бастап су тасқыны жағдайына байланысты облыстық маңыздағы «Күршім – Қалжыр – Бурабай - Маралиха» автожолының 0-75 шақырымында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.