KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Өскеменде өрттен екі адам  зардап шекті

7.03.2018, 06:46 122

Төтенше оқиға   Маяковский көшесінде таңғы 6.30 шамасында болды.Көпқабатты үйдің 3-ші қабатындағы пәтерден өрт шыққан.Өрт сөндірушілер жеткенше, жалын сыртқа қарай лапылдап жатты. Құтқарушылар 12 тұрғынды қауіпсіз жерге шығарды.



-Өртті сөндіру кезінде көк түтін басқан пәтер ішінен екі әйел табылды,оның бірі  1959ж туған пәтердің иесі болса,екіншісі оның шешесі. Пәтер иесінің аяқ-қолын өрт шалған.Ал 1953-ші жылғы әйелге иіс тиген,-деді Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Зардап шеккендер 1-ші қалалық ауруханаға жеткізілді. Өрттің өршіп кеткені соншалық тіпті үстіңгі қабаттағы пәтерлердің өзін ыс басып қалды. Қызыл жалынды өшіруге  жеке құрамның 18 құтқарушысы және 5 техника жұмылдырылды. Өрт аумағы -12 шаршы метр. Алдын-ала болжам бойынша  тілсіз жау қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан шыққан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив