KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Риддерде 34 жастағы ер адамды көршілері өрттен құтқарды

4.11.2013, 18:00 232


Риддер қаласында жеке меншік үйде шыққан өрттен 34 жастағы ер адамды көршілері құтқарып қалды. Денесінің 60 пайызын өрт шалған, жоғары тыныс жолдары күйген зардап шегуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз ақпаратына сәйкес, өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде үйдің ағаш құрандылары, қабырғалары мен жиһаздары, барлығы 80 шаршы метр аумақ от құшағына оранған. Құтқарушылар жеткенше 1979 жылы туған үй иесін көршілері қызыл жалынның ортасынан алып шықты. Зардап шегушінің басы, арқасы, екі аяғы, денесінің 60 пайызы күйіп қалған. Үй иесінің қатты мас екені анықталған. Күйген адам ауыр халде Риддер қаласының жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Қазір өрттің шығу себептері тексерілуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив