KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 2 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Өрт кезінде саяжайдың күзетшісі 33 жастағы азаматты құтқарып қалды

30.10.2013, 18:00 191


Өскемен қаласындағы «Восточник-5» саяжай қауымдастығында шыққан өрт кезінде саяжайдың күзетшісі 33 жастағы азаматты құтқарып қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, саяжай үйінің верандасы, ағаш құрандылары мен жабындылары , жеке заттар, барлығы 25 шаршы метр аумақ от құшағына оранған. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше саяжайдың күзетшісі 1970 жылы туған, мас азаматты өрттен алып шыққаны белгілі болды.

Алайда тілсіз жаудың түтініне қағалған зардап шегуші мен оның құтқарушысы да иіс тиіп уланған. Зардап шеккендер 1-қалалық ауруханаға жеткізілді.

Қазір өрттің шығу себептері тексерілуде. Мамандардың пікірінше, от пешті салу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтамаудан немесе отты абайсыз пайдаланудан шығуы мүмкін деген болжам бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив