KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Өскеменде түнгі рейд жүргізілді

1.03.2018, 07:44 185

Өскемен қаласының Ішкі істер басқармасының кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторларының ұйымдастыруымен денсаулық сақтау және білім беру саласы, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Жасөспірім және отбасы» атты түнгі рейдтік іс-шара жүргізілді.


Оған қатысушылардың жалпы саны 91 адамды құрады.


Жүргізілген рейдтің басты мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және ескерту, спирттік ішімдіктерді пайдаланатын, сондай-ақ, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде, ата-аналарының қарауынсыз жүрген кәмелет жасқа толмағандарды анықтап, көңіл көтеретін мекеме иелеріне және ата-аналарына әкімшілік шаралар қолдану болды.



Нәтижесінде ешқандай құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ. Ал бұл облыс орталығынын азаматтары заңға толығымен бағынатындықтарын көрсетеді.


- Түнгі рейд барысында құқық бұзушылық фактілер тіркелген жоқ – дейді, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор, полиция капитаны Дарья Ахметвалиева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив