KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
494.95 525.49 5.05

Өскеменнің іргесіндегі ауылдар сумен толық қамтылмақ

26.02.2018, 09:46 252

Облыс орталығының маңындағы Меновной, Ахмер ауылдарына өңірдегі алыс-жақын елді мекендерден көшіп келіп, қоныстанып жатқан тұрғындар қарасы өте көп. Биыл Меновной ауылы толықтай орталықтандырылған ауыз сумен қамтылып, ауылда орталықтандырылған кәріз жүйесі құрылысы басталмақ.


 -Биыл Меновной ауылын орталықтандырылған ауыз сумен қамту жобасының су екінші кезегін бастаймыз, оған республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. 2011 жылы бұл ауылда «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз су құбырларын тарту жұмыстары басталған болатын. Биыл ауыл толық ауыз сумен қамтылады.  2018 жылы сондай-ақ, Меновнойда орталықтандырылған кәріз жүйесінің құрылысы басталады. Меновное ауылының кәріз жүйесі әбден тозығы жетіп тұр. Жоба биыл басталып, келесі жылы аяқталуы тиіс. Бұл ірі жобаны бастауға да облыстық бюджеттен  қаржы бөлініп отыр,-дейді Өскемен қалалық ТҮКШ,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Меруерт Малғаждарова.

Биыл қала шетіндегі Северный кентіне де орталықтандырылған су жүйесі тартылады.  Конкурс өтіп, құрылысты жүргізетін мердігер анықталған, жоба  қаржыландыруды күтіп тұр. Северный ауылының тұрғындары қазір суды құдықтан алып отыр.


«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша халық тығыз орналасқан Ахмер ауылына да орталықтандырылған су құбырларын салу жұмыстары 2011 жылы басталған болатын. Жобаның екінші кезегі биыл жалғастырылмақ. Ағымдағы жылы Өскемендегі «КСМ», «Әуежай» ықшам аудандарына тартылып жатқан су құбыры жүйелерінің құрылысы  аяқталып, пайдалануға берілмек. Жоба 2015 жылы басталған.


Өскемендіктерді, іргедегі ауылдардың тұрғындарын суық сумен қамтып отырған  «Өскемен Водоканал» ЖШС жаздан бастап өз қаржысына  екі ірі сумен қамту  жобасын іске асырмақ.  Кәсіпорын Красин және Шмелев Лог кенттеріне салынатын орталықтандырылған су жүйесінің құрылыстарын бастағалы отыр.


-Өскеменде суық судың тарифі  табиғи  монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментімен бес жыл көлеміне бекітілген. Бес жыл бойы қалада суық судың тарифі жыл сайын  ақырындап өсіп отырады. 2017 жылдың маусымында өскен суық су бағасы биылғы жылдың жазында тағы да көтеріледі,- дейді  Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі   Меруерт Малғаждарова.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу