KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Жұмысшының жұмысын робот атқарады

23.02.2018, 06:58 191

Ақтоғай комбинатында  650 адам еңбек етсе, оның 350-і ғана жұмысшылар.  Цифрландыру мен ақылды технологиялар деген осы, – деп атап өтті облыс әкімі Даниал Ахметов халық алдындағы есеп беру кездесуінде.


2018 жылы Шығыс Қазақстан облысында Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 114 миллиард теңгенің тоғыз жобасы іске асырылады. Кәсіпкерлікті қолдау картасына енген жобалардың ең ірісі деп Ақтоғай тау-кен комбинатының құрылысын айтуға болады. Бұл өндіріс орны  бүгінде әлемдегі алпауыт комбинаттардың біріне айналды. Былтыр комбинаттағы мыс өндірісінің көлемі 90 мың тоннаға ұлғайса, катодтық мыс өндірісі 25 мың тоннаға дейін артқан.Айта кетейік, 2010 мен 2017 жылдар аралығында облыста жалпы сомасы 589 миллиард теңгені құраған 43 жоба, оның алтауы (381 миллиард теңге) былтыр, жүзеге асырылған

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив