KZ
Өскемен
+2°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Билетті өткізе алмай әуреге түссеңіз

19.02.2018, 07:08 220

Сауда және қызмет көрсету саласында «Клиенттің дегені дұрыс»  қағидасы үнемі үстемдік етпейді. Тұтынушының құқығын түрлі жағдайда жан-жақты қорғауға бағытталған   «Тұтынушылар құқығын қорғау» туралы Заң әрекет еткенімен, сатушылар түрлі сылтауларды алға тартып, сатылған тауарды айырбастауға немесе ақшасын қайтаруға асықпайды.


Глубокое ауданының тұрғыны Арман Кәрімов Өскеменде орналасқан темір жол билеттерін алдын  ала сату кассасынан  пойызға билет сатып алады. Алайда жүруге 10 күн қалғанда, денсаулық  жағдайына байланысты билеттерді тапсыруға тура келді. Бүгінде ол қолданылмаған билеттер үшін ақшаны ала  алмай жүр. Аслан Кәрімов осындай жағдайда не  істеуге болады деген сауал жолдаған екен.


Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті облыстық департаментінің  бөлім басшысы Бақытжан Жуконевтің айтуынша, жолаушылар мен тасымалдаушылардың құқықтық өзара іс-әрекеттері көлік саласындағы заңнамамен реттеледі. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы»  Заңның 13-бабына сәйкес, жолаушы көлiк қызметiн көрсететiн кез келген тасымалдаушы мекемеге билеттi тасымалдау басталғанға дейiн өткiзуге және тасымалдау үшiн төленген соманы қайтарып алуға құқығы бар. Қайтару тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің   «Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларының» 254-бабына сәйкес, жолаушы қажет болған жағдайда жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтарады және пайдаланылмаған жол жүру құжаттарының (билеттердің) төлемақысын алады.


Сондықтан  Заңның 22-бабына сәйкес, тұтынушы өз құқықтары мен заңды мүддесінің  бұзылғандығы және осының салдарынан тұтынушыға келтірілген залалды ерікті түрде өтеу туралы кінә қойып, жүгінуге толықтай құқылы.


Заңның 30-бабының 6-тармағына сәйкес, егер еліміздің  заңдарында өзгеше белгіленбесе, тұтынушының талаптарын орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін осындай бұзушылықтарға жол берген сатушы тұтынушыға мерзімі өткізіп алынған әрбір күн үшін тауар құнының бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.


   Көмекке жүгіну үшін...


Елімізде тұтынушылардың құқығы заңмен жан-жақты қорғалған. Сауда немесе қызмет көрсету саласында заңға қайшы әрекеттерге тап болсаңыз, өз құқығыңызды қорғау үшін сотқа дейінгі жазбаша арыз жазуға, тұтынушылар құқығын қорғау бірлестіктеріне, сотқа жүгінуге құқылы екендігіңізді білгеніңіз жөн. Сондай-ақ  еліміздің Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары сіздерге тегін кеңес беруге дайын.  Ол үшін Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20 мекенжайына немесе  8(7232)-26-37-40 телефонына хабарласа аласыз.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив