Ел біріншілігінде жеті медаль иеленді
Ақтау қаласында қазақ күресінен 1998-2000 жылдары туған жастар арасындағы ел чемпионаты өтіп, онда республиканың түкпір-түкпірінен жиналған төрт жүзден астам спортшы шеберлік байқасқан болатын.
Ел біріншілігіне Шығыс Қазақстан облысы атынан 29 спортшы қатысып, оның жетеуі жүлдегер атанды.
Сайыс қорытындысы бойынша тұғырдың ең жоғарғы сатысына 100 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әділ Төкешев көтерілді. Ал Шалқыбек Рахметолла (66 келіге дейінгі салмақ) мен аса ауыр салмақта бақ сынаған Ерасыл Жұмашев екінші орыннан көрінді. Тағы төрт жерлесіміз Мират Магеллан (55 келіге дейін), Талшын Жұматаева (70 келіге дейін), Зарина Сарипова (63 келіге дейін) және Айбек Ағыбаев (100 келіден жоғары) жарыстың қола жүлдегерлері атанды.
Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағандай, Ақтауда жүлделі орындарға іліккен балуандар алдағы уақытта өтетін халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын болады.