KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
477.45 527.1 5.24

20-шағын ауданға ауызсу қашан тартылады?

10.02.2018, 09:03 194

– 19-тұрғын ауданмен іргелес жатқан 20-шағын ауданға ауызсу қашан тартылады? Облыс әкімінің берген тапсырмасына байланысты былтыр бұл мәселе бойынша қаржы бөлініп, шешімін табуы керек болатын, алайда, ауыз-сумен қамту жүйесі әлі тартылмады.


Қыдырғазы Баймұратов


20 шағын аудан,


Өскемен.


Сауалға Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев жауап береді:


– Аталған мәселе ағымдағы жылы толығымен шешімін табады. 20-ауданды ауызсумен қамтамасыз етуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. 900 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. 2018 жылдың соңына дейін аудан тұрғындарын ауызсумен қамтуға байланысты жоспарланған жұмыстардың барлығы толық орындалатын болады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив