KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 5 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Латын әліпбиі-өркениет жолы

8.02.2018, 04:10 264

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шүлбі мектеп кешенінің 5-6 сынып оқушыларымен «Латын әліпбиі – өркениет жолы» атты дәріс өткізілді.


Шара басында кітапханашы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына тоқталып, оның  ұлттық және адамгершілік құндылықтарды сақтаудың кең ауқымдағы негізгі бағдары болып табылатынын атап өтті. Ұлт Көшбасшысының бағдарламасында айтылған дүниетанымды жаңғырту,  ұлттық кодты қалпына келтіруді  талап ететін тұстарын түсіндіріп жеткізді.


Қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығы жайлы әңгімелей келе, слайд тұсаукесерінің көмегімен оқушыларға қазақ тілінің латын әліпбиіне  кезең-кезеңмен көшірілетіні  туралы түсініктеме берді. Сондай-ақ, шара барысында оқушылар латын алфавитінің жазылу ережесімен танысты.


Шара «Латын әліпбиі әлемдік өркениетке жол ашады» атты бейнеролик көрсетілімімен жалғасып, кітапханашының: «Латын әліпбиі  көп ұлтты мемлекет ретінде, өркениетті елдердің қатарына ұмтылған елімізге өте қажет екенін түсінуіміз керек», - деген сөздерімен қорытындылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив