KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 8 м/с, СБ
477.45 527.1 5.24

Лондон қаласында Оралхан Бөкейдің кітабы ағылшын тілінде жарық көрді

6.02.2018, 05:14 358

Белгілі  жазушы жерлесіміз Оралхан Бөкейдің кітабы Лондон қаласында жарық көрді. «Кісі Киік» деп аталған бұл кітап толығымен ағылшын тілінде басылып шықан екен.


Бұл туралы Катонқарағай аудандық мәслихатының хатшысы Дүйсен Бралиновтың әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.


- "Оралхан Бөкейдің шығармаларының ағылшын тіліне аударылып, сонау Ұлыбритания елінде кітап болып жарыққа шығып жатқаны біз үшін үлкен қуаныш. Ағылшын тілі дүниежүзілік тіл болғандықтан, оны бүкіл дүние жүзі оқиды деген сөз. Белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев: «Оралхан Бөкей – жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүлей суреткерінің бірі ретінде әлемдік танымдылыққа ие болды. Оралхан азғантай ғұмырында сондай асқаралы биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де шығарып үлгерді» деген екен. Бүгінгі күні осы пікірдің өміршеңдігіне тағы да көзіміз жетіп отыр. Оралхан өз туған жерін жанындай сүйді, оған мәңгі ғашық болып өтті, сол ұлы махаббатын ақтық демі біткенше қағазға түсіріп кетті. Кез келген шығармаларында аядай кіші Отаны болған туған жерін, оның әр бұта-қарағанын, ауыл адамдарына деген алапат сағынышын жырлап өтті. Оралханның осындай шығармаларының дүние жүзілік әдебиеттердің қатарына қосылып жатуы, ертеңгі күні оларды алты құрлықтың халқы оқып, еліміз Қазақстанды, соның ішінде Катонқарағайды танып жатуы біздер, Оралхан Бөкейдің жерлестері үшін зор мақтаныш" – дейді Дүйсен Зағыпранұлы.

Аталмыш кітап ағылшынша  «THE MAN-DEER and Outher Stories» деп аталып, онда Оралханның бірқатар повестері мен әңгімелері кіріп отыр. Сыртқы мұқабасы қалың, сапалы. Бастапқы тиражы  -1000 дана.  Кітаптың сатылымына қарай тиражы да көбейе түспек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив