KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Коллекционер қобдишасынан шыққан кереметтер

5.02.2018, 06:01 264

Семей қаласындағы облыстық  тарихи өлкетану мұражайында «Коллекционер қобдишасынан» атты тақырыпта көрменің ашылуы өтті.


Көрмеде Семей қалалық өрт-техникалық мұражай коллекциясы, нақтырақ айтсақ, өрттерді және тұтану көздерін сөндіруге қатысатын сувенир көліктердің коллекциясы қойылды. Көрмеге «Жас құтқарушы» аула клубының жас құтқарушылары  жетекшілері  Серік Жақсылықов пен Семей қаласының №2 жасағы Өрт-техникалық мұражай орталығының қызметкерлері қатысты. Мұражайда балалар сирек кездесетін көптеген экспонаттарды, атап айтқанда лотереялық билеттер, облигациялар, ашық хаттар, грампластинкалар коллекциясын, форфорлы декоративті қуыршақтар коллекциясын, сондай-ақ маркалар, монеталар мен балалар ойыншықтарын тамашалады.


-Семей қалалық Өрт-техникалық орталық мұражайы ұсынған экспонаттар, өрт сөндірушілердің айбынды қызметтері мен ерліктерін насихаттауда маңызды ағартушылық жұмыстар жүргізудегі рөлі ерекше,-дейді Семей қалалық ТЖБ бас маманы Айгүл Мирсайытова,- біздің экспонаттар сувенир ретінде жасалған көліктер, өрт сөндіруге арналған техникалар, онда, тіпті, өткен ғасырдағы көліктерді де кездестіруге болады. Жас құтқарушыларға және мұражайға келушілерге отты тұтануды болдырмау бойынша өрт техникалық саласындағы жаңа инновациялық құралдар туралы әңгімелеп бердік. 

Семей қалалық Өрт-техникалық орталығында 3000 жуық экспонат бар, мұражайдың өзі 1927 жылы салынған өрт сөндіру депосының тарихи ғимаратында орналасқан. Онда: «Қазақстаннның алғашқы өрт сөндіру командасы тарихынан», «Өрт сөндірушілерге мемориал», «Өрт сөндірушілердің өрт-техникалық жасақтары», «Мемлекеттік өрт сөндіру бақылауы – қызметте», «Жеке меншік коллекциядан», «Балалар шығармашылығы» атты бөлімдер бар.


«Балалар шығармашылығы» бөлімінде негізінен өртке қарсы тақырып бойынша өткен әртүрлі байқаулардан ұсынылған – суреттер, мазмұндамалар, шығармалар мен диктанттар, үздік өлең жолдары қойылды. Қалалық өрт-техникалық орталық базасында мектеп оқушылары, колледждер мен институттар, бала бақшалар үшін үнемі экскурсиялар ұйымдастырылады.Өрт қауіпсіздігі қағидасы бойынша білімдерін тексеру үшін сауалнамалар, жас құтқарушылар мен жас өрт сөндірушілер жасағы үшін сабақтар, көңілді старттар, кәсіби тақырыпқа байланысты әртүрлі  дәрістер өткізіледі. Бүгінгі өрт-техникалық орталық экспозициясы – қала оқушылары мен жастар арасында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар кәсібін насихаттауға зор үлес қосатыны сөзсіз.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив