KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, Ю
492.14 528.85 5.01

ШҚО-да жаңа жел электрстансасы пайда болады

30.01.2018, 06:50 155

Жарма ауданы Жанғызтөбе ауылында 45 МВт қуаты бар  жел электрстансасы бой көтереді. Жобаның құны - 25162 млн. теңге. Іске асыру мерзімі - 2018-2019 жж.


-Қазақстан үшін өткен жыл «Болашақтың энергиясы» ұранымен өткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесімен байланысты. Қатысушы елдер жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудағы жетістіктер мен перспективалар, экологиялық тазалық, қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар сияқты артықшылықтарды көрсетті , - дейді Жарма ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Қасымов.- Жасыл» экономиканы дамыту аясында біздің еліміз өз дамуын, соның ішінде Шығыс Қазақстанның жобаларын ұсынды. Олардың үшеуі Ұлан мен Зырян аудандарында, қалғандары Жармада жүзеге асырылады.

Барлық шығысқазақстандықтар осы теміржол стансасы арқылы өтетін жолаушылар, Жанғызтөбе ауылында желдің күші мен тұрақтылығы туралы біледі. Сондықтан «Жарма Энерджи» ЖШС жел электр станциясын салуды жоспарлап отыр.  Бұдан басқа, биылғы жылы «Жангиз Солар» ЖШС қуаттылығы 30 МВт күн электр станциясын салуды бастайды, жобаға 17,5 млн. теңге беріледі.


- Өткен жылы Шар қаласында жалпы қуаты 37,5 МВт болатын «ВЭУ Шар» ЖШС жел электр станциясын салу басталды. Жобаның құны 22 000 млн. теңге. - дейді Мақсат Қасымов. -Сонымен бірге осы барлық жобалар аудан басшылығының тиімді қолдауын тапты. Ай сайынғы жиналыстар, мүдделі тараптардың қатысуымен өткізіледі, онда оларды жүзеге асыру барысы қарастырылады. Шығыс Қазақстандағы альтернативті энергетиканы дамыту аймақтағы энергия тапшылығын қамтып қана қоймай, сондай-ақ көршілес өңірлерге жеткізуді қамтамасыз ететінін атап өткім келеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив