KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Балалар сурет салудың жаңа түрін үйренді

25.01.2018, 06:21 307

Қыркүйек айынан бастап Семейдегі барлық мектеп, балабақшалардан жиналған суретші балалар Абай атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың «Ғажайып қылқалам» үйірмесіне жазылған еді. Әр апта сайын бұл жерде сурет салудың қыр-сыры үйретілетін болды. Осы жолы жас дарын иелері пуантилизмді меңгерді.


-Пуантилизм дегеніміз живописьтік сурет салудың бір бағыты,-деп түсіндірді кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің басшысы Айгүл Жүнісова,-бұнда балалар мақта таяқшасымен сурет салады. Мақта таяқшасымен сурет салудың негізі ертеде жатыр. Біздің бабаларымыз таяқшаның басына жүн орап алып, тау-тасқа сурет салған.


Сурет салу кішкентай балаларды өнерге баулудың бір түрі. Оқушылар үйірмеге әр жұма сайын қуана-қуана келеді екен. Үйірменің жұмысына кейде еріктілер де келіп көмектесіп жатады.


-Маған сурет салған ұнайды,-деді кішкентай Марина Алексеева,-мен суретке анамды, әкемді және әпкемді салдым. Менің суретім «Біздің отбасы» деп аталады. Біздің отбасының мүшелері бәрі де мені жақсы көреді. Біз бақытты отбасымыз.

Абай атындағы кітапхананың балалар бөлімінің меңгерушісі Айгүл Жүнісованың айтуынша, ата-аналар осындай үйірмелерге балаларын бергені дұрыс. Баланың ой-қиялы дамып, шығармашылығын жетілдіруге толық мүмкіндік бар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив