KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями Штиль
485.11 523.82 5.02

Шолпандағы шуға байланысты брифинг өткізді

25.01.2018, 02:33 239

Құрамында ҚР денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бар арнайы республикалық комиссия Үржар ауданы Шолпан ауылындағы сары ауруға байланысты тексерісті аяқтады. Нәтижесінде, өткен жылдың қыркүйек айынан бері сары аурудың «А» түріне 12 баланың шалдыққаны анықталған.


ШҚ өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте обыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Шоранов Үржар   ауданындағы орталық аурухананың бас дәрігері Ж.Тлеуберлиннің журналистерге ауру жұқтырғандардың саны туралы нақты  ақпарат бермегенін атап өтті. Өткен жылдың қыркүйек айы мен биылғы жылдың қаңтар айы аралығында осы ауылда барлығы 46 бала тексерістен өткізіліп, 25 бала аудандағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Олардың ішінде 12 баладан сары аурудың «а» түрі анықталыпты. Десе де республикалық және облыстық комиссияның жұмысы барысында тағы да 19 баланың Шолпан ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның медициналық қызметіне жүгінгені белгілі болыпты. Бірақ, 19 баланың ешқайсысы сары аурудың «а» түрімен ауыратындардың тізіміне  енгізілмеген. Қазіргі күні олардың жағдайы қанағаттанарлық көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив