KZ
Өскемен
+7°
туман жел 1 м/с, СБ
485.11 523.82 5.02

Үржар ауданында А вирустық гепатиті ресми түрде тек 12 балада расталды

17.01.2018, 05:15 122

Денсаулық сақтау басқармасы 46 оқушының ауруға шалдыққаны туралы қауесетті  ресми түрде жоққа шығарды.


Сондай-ақ, баланың  өлімі вирустық аурумен байланысты емес екендігі белгілі болды. Қыз бала бауыр некрозының нәтижесінде қайтыс болған. Сонымен қатар, ауданда барлық балаларға вакцинация жасалды.


Бұл аурудың Шолпан ауылынна туыстарына қонаққа келген әйелден тарағаны анықталды.


-Қазір барлық балалар қажетті емді қабылдап жатыр, бұдан басқа ауылдық амбулатория мен мектепте тексеру жұмыстары жасалды,- дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова.

Жалпы облыс бойынша А вирустық гепатиті 75 адамда анықталған. Ал, аурудың  ауыз су көздерінен жұқтырылмағандығын растау үшін Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің мамандары 60-тан астам су пробаларын алған. Сараптама нәтижесінде вирустың ауыз су көздерінен тарамағандығы анықталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив