KZ
Өскемен
+7°
туман жел 1 м/с, СБ
485.11 523.82 5.02

ШҚО-ғы ауылда елуден аса бала гепотит ауруына шалдықты, бір бүлдіршін көз жұмды

16.01.2018, 05:52 124

Облысымыздың Үржар ауданы Шолпан ауылында гепатит А ауруына  шалдыққан балалардың саны артып бара жатыр деп хабарлайды Zakon.kz, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.


Бүгінгі таңда 49 жағдай тіркелді. Бір баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір балаларға жаппай вакцинация жүргізілуде. Шолпан ауылының тұрғындары өз балаларының денсаулығынан қорқады. Ауылда аурудың өршіп тұрғанына үш ай  болды. Бірақ  дәрігерлер мен шенеуніктер  барлығы бақылауда деп сендіріп отыр.


Шолпан ауылының тұрғыны Индира Жәнібекова жақында 11 жасар қызын жерлеген. Ол баласының осы аурудан қайтыс болғанына сенімді.


 - Алғашында біздің көшеде бір қыз ауырып қалды. Оны жұқпалы аурулар ауруханасына алып кетті. Бірақ бала ол жерде бір апта да жатқан жоқ. Кейіннен, тағы екі оқушы жұқтырды, содан кейін менің қызым. Ауруы асқынғаннан балам жан сақтау бөліміне түсті.- дейді Индира Жәнібекова.

Ауылда оқушы қайтыс болғаннан кейін, А гепатитінен балаларға жаппай вакцинация жасалды. Бүгінгі күні 139 оқушыға екпе жасалды. Бұл жұқпалы аурудың жаңа оқиғалары күн сайын тіркелгеніне қарамастан, ауыл мектептерінде сабақ әлі де жалғасуда.


 - Пациенттермен байланысқандардың барлығы тексерілді. 800-ге жуық сараптама  алынды. Бұл ауру 49 адамда тіркелді, олардың 25-і ауруханада ем қабылдады,- дейді  аудандық аурухананың бас дәрігері Жексенбай Тлеуберлин.

Сонымен қатар, баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Дегенмен, жұқпалы аурудың қайдан таралғанын анықтау мүмкін болмады.   Ата-аналар балаларын мектепке қорқынышпен жіберіп, ауылға республикалық комиссия келіп тексеру жүргізеді деп үміттенеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив