KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

GPS-мониторингі бар интерактивті картаны 43 мыңнан аса семейлік қолдануда

23.01.2018, 06:57 171

Семейдің автобустарына деген тұрғындардың наразылығы ерекше екендігі рас. Аяладамада жаздың ыстығы, қыстың аязында автобустарды сағаттап тосуға тура келеді. Уақтылы келетіні некен-саяқ. Ал сенбі, жексенбі немесе мереке күндері автобустағылар өздеріне демалыс жариялап алған.  Салондардағы қара шаң, отыратын орындықтың аздығына өзара орынға таласып, төбелесетін жолаушылар, себебі автобус автобус емес, мал тиейтін көлік сияқты, ақша үшін бәрін тиеп әкету керек. Сол үшін мәселен, кейбір 20 орындық автобустарда қарттарға, аяғы ауыр әйелдер мен басқа да мүгедек жандарға арналған бес алты-орындық қалдырғаны  болмаса, қалғанын түбірімен жұлып алып тастаған. Бұл жаздағы көрініс, ал қыста автобустардың іші бір жылынбайды. Діттеген жеріңе 20-30 аялдама болса да, аяғыңнан тік тұрып барасың.  Бірдеңе деп арыз-шағым айту мүмкін емес, себебі Семейде бір автобустың бір қожайыны бар. Әр автобус жекеменшік. Ірі жүз шақты автобустардың басын біріктіретін автопарк иелері өз алдына, жалға алушысы бар, басқасы бар, кім кімге бастық, кім кімге жауап береді ол жағын ұғу оңай емес, сондықтан да ешкімге сөзің өтпейді.


-Өткен жылдың желтоқсанында семейліктер жалпықалалық бағдарға жіберілген 20 жаңа автобусты ерекше қошеметпен қарсы алды. Әлбетте, жылдар бойы күткен жаңалықтың көптің көңілінен шыққаны анық. Естеріңізге сала кетсек, облыс әкімі Даниал Ахметов Шығыс Қазақстанның ірі екі қаласындағы қоғамдық көліктің сапасының бірнеше рет қатаң сынға алғаны белгілі. Оған себеп, жолақысын көтеруді талап етуден жалықпайтын тасымалдаушылардың ондаған жылдар бойы автобустарды жаңартуға деген құлықсыздығы,-деп хабарлайды   облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Бұндай олқылықтарды Семейге келген сапарында облыс әкімі Даниал Ахметовпен бірге,  қала әкімі Ермак Сәлімовтың өзі байқап, көрді. Автобустардың көбі билет жыртып бермейді, ал билет берген күннің өзенде оларды жол бойында тексеріп тұратын тексерушілер де жоқ, барлығы «өздері би, өздері қожа» болып алғандар екен. Бір айлық жол жүру билеті қаладағы автобустардың небәрі 10 пайызына ғана жарамды.


Облыс басшысы қала әкіміне мынандай олқылықтарға жол бермеуді тікелей тапсырған болатын. Содан қала басшысы Ермак Бидахметұлы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Серікқали Жұмановпен және Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Байболат Баймаханбетпен бірге рейдке де шықты. Әкім тексеріске шыққан күннен бастап, Семейде автобус тасымалындағылар кешкі 21.30-22.00  сағатқа дейін жұмыс істейтін болды. Бұрындары барлығы кешкі 17.00 кезінен бастап жоғалып кететін де, халық жұмыстан үйге қайтуға көлік таппай қалатын. Сондықтан бұл да жағымды жаңалықтың бірі болды.


Ал облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгінде Семейге қоғамдық көлік қызметінің сапасын жақсартуға «BusReport» бағдарламасының көмегі зор болып отыр екен. Енді қалалықтар барлық бағыттағы қоғамдық көліктердің қозғалысын «InfoBus» мобильді қосымша арқылы бақылай алады. Бүгінде GPS-мониторингі бар интерактивті картаны 43 мыңнан аса семейлік қолдануда.


«BusReport» бағдарламасы тасымалдаушылар тарапынан бірқатар олқылықтарды анықтағанын да айта өткен жөн. Мәселен, былтыр  №5, 8, 10, 22, 24, 37, 43 және 45 бойынша 8 бағытта қызмет көрсеткен «Семавтопарк» ЖШС-мен сот арқылы келісімшарт бұзылыпты. Қазір бұл бағдарлар байқау өткенге дейін «Мусапиров» ЖК және «Таксомоторный парк» ЖШС еншісіне өтті.


Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов аймақ басшысы Даниал Ахметов айтқан сынның орынды екенін атап өтті. Тіпті осыдан біраз бұрын облыс әкімі Даниал Ахметов келіп, №13 автобусқа жұртпен бірге мінген кезде, газ шығаратын түтіктің автобус салонының ішінде орналасқанын көріп, жағасын ұстаған еді. Сондай-ақ, 2015 жылы көлiк министрлiгi «тасымалдаушылардың әрбір 2 жыл сайын автобустарды жаңартып тұруы қажеттігі» туралы бұйрық шығарған. Бірақ бұл талап тасымалдаушылармен 5 жыл бұрын жасалған келісімде болмапты.


-Биылдан бастап облыс әкімінің тапсырмасымен автобус парктерін жаңарту мақсатында байқаулардың талаптары түбегейлі өзгертілді. Сең сөгілгенін айта өтейік. Алдағы өтетін байқау қарсаңында тасымалдаушы кәсіпорындар жылжымалы құрамдарын жаңарта бастады. Мысалы, «Мусапиров» ЖК қала бойынша № 5,8,22 бағытында қызмет көрсететін орта санаттағы 20 жайлы автобусы бар паркті жаңалады. Оның үстіне орта санаттағы тағы 50 автобус алуды жоспарлап отыр, - деді сұхбат барысында қала басшысы Ермак Сәлімов.

Жақында Семейде электронды билет мәселесі шешімін таппақ. Сонымен қатар, қаланың қоғамдық көліктерінде WIFI сымсыз интернет желісі де  орнатылмақ.



Ал Өскеменде жолаушы тасымалдаушыларының мәселесі ушығып тұр. Облыс басшысы Даниал Ахметов кәсіпкерлермен кездесіп, орын алған олқылықтарды заң шеңберінде шешуге көмектесетінін жеткізді. Десе де, автобус паркін жаңарту талабы күн тәртібінен түспек емес.


-Автобустарды жаңарту ісіне ұқыптылықпен қарап, мықтап қолға алуды тапсырамын. Семейде жаңа қоғамдық көліктер сатып алынып жатыр. Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев пен тасымалдаушыларға жол картасын әзірлеуге 10 күн уақыт беремін, - деді тасымалдаушылармен кездескен Даниал Ахметов.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың қысында қалалық қоғамдық көлік жолақысы 90 теңгеге көтерілген. Ол кездегі кәсіпкерлер уәжі мен уәдесі тасымалдау жағдайын жақсарату еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив