KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Жемқорлыққа тосқауыл!

16.01.2018, 10:44 74

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жолдады, онда  әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына енуге бағытталған нақты тоғыз міндет көрсетілді.«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауда жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес басты назарда екендігі айтылады. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі  Жолдаудың тоғызыншы міндетінде көрсетілген, мысалы:


«ТОҒЫЗЫНШЫ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі. Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді. Көп жұмыс істеліп жатыр.Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді. Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады. Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс» деп жазылған.


-Елбасының биылғы Жолдауындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша маңызды саясатын жүзеге асыру, Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады,-деді Семей қалалық ТЖБ бас маманы Айгүл Мирсаитова,-осыған орай Қазақстан Республикасының аумағында абоненттік нөмірі «1402» - «ҚР Ішкі Істер Министрлігінің Бірыңғай сенім телефоны» қолданысқа енгізілгендігін хабарлаймыз. Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы осы сенім телефоны арқылы қоғамдағы түрлі заң бұзушылық әрекеттерді, оның ішінде қылмыстарды есептен жасыру туралы ақпараттарды «сенім телефонына» хабарлауға болатындығын ескертеді. Азаматтардан келіп түскен хабарламаларды қабылдаудың, тіркеудің, есепке алудың және қараудың бірыңғай тәртібі бар. Сондай-ақ қазіргі уақытта стационарлық телефон арқылы тегін қоңырау жасауға болады. «1402» - сенім телефонына әрбір кәсіпкер немесе азамат  ТЖ қызметкерлері тарапынан заңды құқығы бұзылған жағдайда да жүгіне алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив