KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Рейхердтің төртінші «күмісі»

15.01.2018, 03:41 202

АҚШ-тың Дир-Вэлли қаласында фристайлдың могул түрінен Әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды. Алдыңғы кезеңдердегідей бұл жолғы жарыста да шығысқазақстандық спортшы жүлделі орыннан табыла білді.


Ерлер арасындағы сайыста сынға түскен өскемендік фристайлшы Дмитрий Рейхерд 83.66 ұпай жинап, тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Өткен жарыстардағыдай Америкадағы бәсекеде де Дмитрий тек канадалық Микаэль Кингсбери (нәтижесі 88.80 ұпай) жол берді. Ал үздік үштікті 82.37 ұпаймен австралиялық Мэтт Грэм түйіндеді.


Осылайша, Дмитрий Рейхерд биылғы маусымдағы төртінші күміс жүлдесіне қол жеткізді. Бұған дейін жерлесіміз Финляндия, Қытай және Канадада өткен Әлем кубогы кезеңдерінде үздіктер қатарынан орын алған болатын.


Жарысқа қатысқан тағы екі фристайлшымыз Павел Колмаков пен Дмитрий Бармашов сәйкесінше 27-ші және 33-ші нәтижелерді көрсетті.


Америка жерінде Юлия Галышева сәтсіз өнер көрсетті. Өскемендік спортшы кезең аясында өткен екі сайыста да жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Алдымен 15-ші нәтиже көрсеткен Юлия екінші сайыста тіптен 24-ші орынға түсіп қалды. Жарысқа қатысқан тағы бір жерлесіміз Аяулым Әміренова мәре сызығын 41-ші және 49-шы болып кесті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив