KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Калгариде ең тәуір нәтижені Рейхерд көрсетті

14.01.2019, 05:09 227


Кеше Канаданың Калгари қаласында фристайлдың могул түрінен ерлер арасындағы Әлем кубогының кезекті кезеңі өтті.


Аталмыш бәсекеге төрт бірдей жерлесіміз қатысқан болатын. Олардың ішіндегі ең тәуір нәтижеге Дмитрий Рейхерд қол жеткізді. Былтырғы Әлем кубогының күміс жүлдегері 55 спортшы қатысқан жарыс қорытындысы бойынша 75,75 ұпай жинап, жетінші орынға табан тіреді. Ал жалпы есепте өскемендік фристайлшы әзірге бесінші сатыда орналасуда.


Өкінішке қарай, қалған жерлестеріміз бұл жолы ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже көрсете алмады. Павел Колмаков 15-ші орынға тұрақтаса, Александр Геберт пен Сергей Романов тиісінше 39-шы және 40-шы орындарды місе тұтты.



Могул. Ерлер (55 спортшы):


Микаэль Кингсбери (Канада) – 84,17 ұпай;

Уолтер Уолберг (Швеция) – 80,98 ұпай;

Даичи Хара (Жапония) – 78,14 ұпай;

Дмитрий Рейхерд (Қазақстан, ШҚО) – 75,75 ұпай;

Павел Колмаков (Қазақстан, ШҚО) – 34,68 ұпай;

Александр Геберт (Қазақстан, ШҚО) – 65,40 ұпай;

Сергей Романов (Қазақстан, ШҚО) – 65,36 ұпай.



Жалпы есеп:


Микаэль Кингсбери (Канада) – 400 ұпай;

Бенжамин Кавю (Франция) – 230 ұпай;

Уолтер Уолберг (Швеция) – 200 ұпай;

Дмитрий Рейхерд (Қазақстан, ШҚО) – 156 ұпай;

Павел Колмаков (Қазақстан, ШҚО) – 60 ұпай.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив