KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Айыппұлдар мөлшері азаяды

7.01.2018, 02:08 187

Ит жылында автокөлік жүргізушілерін айыппұлдарға қатысты да жағымды жаңалық күтіп тұр. Жаңа жылдан бастап жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі азаяды. Тиісті өзгертулер енгізілген заңға Елбасы қол қойды.


Жаңа құжатқа сай, қарсы жолаққа шығып кеткен (оның ішіне солға бұрылу мен қарсы бағытқа шұғыл бұрылыс жасау да енеді) көлік иесі алты айға жүргізуші куәлігінен айырылмақ. Бұған дейін аталмыш жаза бір жылды құрайтын. Күндіз машинасының шамын жақпағандарға енді жеті мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Бұған дейін аталмыш айыппұл мөлшері 13 мың теңгені құраған. Темір тұлпарын тыйым салынған жерге қойғандарға да қатысты айыппұл екі есеге азайып отыр. Ал полицейлерге бағынбай, қарсылық көрсеткендер мемлекетке 68 мың теңге төлеуге мәжбүр болады. Бірақ бұл қылығын екінші рет қайталаған азаматтар көлік жүргізу құқығынан жарты жылға айырылмақ. Ал ұсақ-түйек ереже бұзғандарға көбіне ескерту жасалады.


Жалпы, Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне енгізілген өзгертулерге сәйкес, жол ережелерінің бұзылуына қатысты 22 айыппұлдың мөлшері азайтылыпты.


Мәселен, белгілі бір шекті жылдамдықты 10-нан 20 шақырымға асырған көлік жүргізушілері бұрын 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеп келсе, бұдан былай оның мөлшері бес АЕК-ке дейін азаяды. Сонымен қатар мүгедектердің көліктеріне арналған автотұрақтарға машинасын заңсыз қойған жүргізушілерге бұрын 50 АЕК көлеміндегі айыппұл салынса, еді оның мөлшері 10 пайызға азайып отыр.


Бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамаған, сондай-ақ көшедегі қозғалысты реттеуші полиция қызметкерінің белгілеріне бағынбаған автокөлік иелеріне қатысты жаза жеңілдетілмек. Бір жыл ішінде мұндай жағдай тағы да қайталанатын болса, айыппұл мөлшері 20 АЕК-ке дейін ұлғаймақ. Бір айта кетерлігі, оның мөлшерін 15 АЕК-ке дейін қысқартуға болады екен.


Жаяу жүргіншілер мен өзге көліктерге жол бермеген жүргізушілерге де қатысты дәл осындай айыппұлдар қарастырылған-ды. Өз кезегінде бір жыл ішінде бірнеше рет ереже бұзған жаяу жүргіншілерге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынатын болады (қажет жағдайда оның мөлшерін 10 АЕК-ке дейін азайта алады).


Аталған заң бойынша айыппұл жеті күннің ішінде төленсе, 50 пайыздық жеңілдік жасау мүмкіндігі бұрынғыдай қалдырылатын болады.


Айта кетейік, аталмыш заң ресми түрде жарияланған күннен (28 желтоқсан) бастап, 10 күннен кейін күшіне енеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив