Бес жүз литр қан тапсырған
Жергілікті ішкі істер департаментінің екі мыңнан аса қызметкері өз еркімен донор атанып, жыл бойы 26 емдеу мекемесіне 500 литр қан тапсырған.
Осылайша, тәртіп сақшылары жүздеген адамның өмірін ажалдан арашалады. Игі бастама биыл да жалғасын таппақ. Облыстық ІІД кадр бөлімі басшысының орынбасары Марат Баяндиновтың айтуынша, департамент қызметкерлері күн сайын түрлі оқиғаларға куә болады. Олар апатқа ұшыраған адамдарға көп жағдайда қан керек екенін біледі. Осындай шараны қолға алуға түрткі болған да осы дейді басшы орынбасары.
Оқи отырыңыз