KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
441.66 475.14 4.86

Қазақстандық үлес артты

3.01.2018, 08:37 121

Семейдегі автоқұрастыру зауытында қазақстандық үлес артып келеді. Мәселен, «Газель» автокөлігіне қажетті бөлшектердің дені бұрын Ресейден тасымалданса, қазір қазақстандық үлес 80 пайызға жеткен.


Зауытта жиырмадан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Кәсіпорын 10 жылдан бері автобус, жүк көліктері, трактор сияқты техникаларды шығарумен айналысуда. Күні бүгінге дейін облыс тұрғындарын қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз етіп келе жатқан зауыттың өнімдеріне сұраныс жоғары.


– Сапалы және бәсекеге қабілетті өнім шығарып, қазақстандық нарықтан шетелдік тауарларды ығыстыру, жергілікті өндірісті дамытуға ден қою керек, - дейді кәсіпорын жетекшісі Әсемқан Досқожанов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив