KZ
Өскемен
+27°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

МЕКТЕП ЖИҺАЗДАРЫН ОБЛЫС КӘСІПОРЫНДАРЫ ЖАСАМАҚ

21.12.2017, 05:00 226

Облыс кәсіпкерлері палатасының қазақстандық құрамды дамыту жөніндегі комиссиясы өз жұмысының тиімділігін арттыру үшін «Тендер алдындағы және тендерден кейінгі бақылау» жүйесін тәжірибеге енгізді.


Осының нәтижесінде өткен 11 айда облыста іске асқан құрылыс жобаларындағы қазақстандық құрамның үлесі 94 пайызға жетті, өткен жылы ол 78, 4 пайызды құраған болатын. Биыл аймақтағы 468 кәсіпорынға өздерінде шығарылып жатқан 4,5 млрд.теңгенің өнімін саудалауға көмек көрсетілді.


Облыс кәсіпкерлерінің палатасы алдағы уақытта бюджеттік әкімшіліктер арасында қазақстандық құрамның үлесін тамақ өнімдері, жиһаз және жеңіл өнеркәсіп бойынша 95 пайызға арттыруды жоспарлап отыр. Соның ішінде, кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті атқарушы билік облыстағы 277 пәндік кабинетке қажетті мектеп жиҺаздарын 19 жергілікті өнім өндірушіден сатып алмақ.


Аймақтық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық құрамды арттыру мақсатында мектеп жиһаздарын шығаратын ең үздік кәсіпорынды анықтайтын комиссия құрды. Жиһаз шығарушының өнімдері Назарбаев зияткерлік мектебінде пайдаланылып келе жатқан стандарттарға сай болуы тиіс.


-Комиссияның қосалқы төрағасы облыс кәсіпкерлері палатасының өкілі. Қараша айында аймақтағы жиһаз өндірушілердің қатысуымен облыс мектептерін жиһаздармен жабдықтау мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті. Мектеп жиһаздарын шығарумен айналысып жатқан кәсіпорындардың тізімі жасалып, анықтамалығы толтырылды, -дейді облыс кәсіпкерлері палатасы директорының орынбасары Оксана Желякова.

Қазіргі күні мектеп жиһаздарын жасауға мемлекеттік тапсырыс алуға мүмкіндігі бар делінген облыстағы 19 кәсіпорынның өндірістік қуаты тексеріліп, анықталып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив