KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Зауыттың екінші тынысы ашылмақ

3.01.2012, 18:00 274


Кеше облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Шығыс Қазақстан машина жасау зауытында болып, кәсіпорын өндірісінің жай-күйімен танысып, жұмысшылармен кездесті.

50 жылдан астам тарихы бар машина жасау зауыты – тау-кен өндірісінің құрал-жабдықтары мен металлургия, кен байыту кәсіпорындарына қажетті қосалқы бөлшектерді өндіріп келе жатқан еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі. Өнімдерін Қазақстанмен бірге жақын шетелдерге де шығарып келген зауыт өндіріске қажетті айналым қорының болмауынан төрт-бес жылдан бері тығырыққа тіреліп, 500-ден астам кәсіби мамандарын да жоғалтқан болатын.

Бүгінгі күннің сұранысына қажетті өнімдерді шығарып, өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандыру мақсатында 2005 жылы зауытта «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның несиелендіруімен вагон жабдықтарын шығаратын жаңа жоба қолға алынған еді. Алайда қаржылық қиындық-тардың туындауынан оның іске қосылу мерзімі кейінге шегеріліп, соңғы жылдары зауыттың да, жұмысшылардың да берекесі кете бастады.

Облыс әкімдігі басшыларының қолдау, көмегінің нәтижесінде зауытқа жаңа инвес-тор табылып, қазір тоқтап қалған кәсіпорын өндірісі қайтадан қалпына келтіріліп, жұмыс істеп жатыр. Сәуір айынан бастап зауыттың акцияларын «Қамқор жөндеу корпорациясы» сатып алып, жобаны қаржыландыру мәселесі де толық шешілді. Енді кәсіпорын үшін барлық мүмкіндікті пайдалана отырып, тұтынушылармен екі арадағы бұрынғы байланыстарды қайтадан орнатып, жұмыс қарқынын арттыру қалды. «Басты мәселе шешілді, енді өнімді жұмыс істеп, сұранысқа ие болар сапалы өнім шығару керек» деді ШҚ машина жасау зауытының ұжымымен кездесуде облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

– Кәсіпорынды қаржыландыруға «Халық Банкі» түсіністікпен қарап, проблема оңтайлы шешілді, инвесторлар өз қаржысын салып отыр. Шығарылатын вагон жабдықтары өнімдерін «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы сатып алатын болды. Қолдаушы, сатып алушы бар. Енді сол өнімді сапалы етіп шығару қажет. Еңбек өнімділігін арттырып, үнемділікке қол жеткізіп, жаңа технологияларды енгізетін шаралар жүргізіледі. Сапалы өнім сапалы жұмыс істелген жерде ғана болады. Осы шараларды жүзеге асыру барысында қысқартуға ұшыраған жұмысшыларға басқа жұмыстар ұсынылады, олар қайта даярлықтан өтіп, қайтадан оқып, жаңа өндірісте ашылған жаңа жұмыс орындарына маман болып барады. Осылайша бірде-бір адамның жұмыстан шығарылмауының қамын жасау керек. Индустрияландыру картасына еніп отырған жобаға сай кәсіпорынға мемлекет тарапынан қаржылай қолдаулар жасалуда. Үкімет осы кәсіпорынға 7 миллиард теңгенің субсидиясын беріп отыр. Кәсіпорынға ағымдық сауықтыру жүргізу үшін «Ресей жинақ банкі» арқылы айналым қорына 300 миллион теңге несие алынды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының экспорттық бағыттағы өнімдер шығаратын өндірісті қолдау бо-йынша былтыр 53 миллион теңге, биыл 622 миллион теңге бөлінді, келер жылға 95 миллион теңге қарастырылған, –деді облыс Әкімі кәсіпорын жұмысшылары алдында.

Қазіргі уақытта машина жасау зауытында 1021 адам еңбек етуде. Зауыттың жаңа басшысы Александр Деревянконың айтқанындай, еңбекақы бір ай шамасына кешіктіріліп жатқанымен, бір кездердегідей қатталып қалған жалақы қарызы жоқ. Өнім өндіру көлемі былтырғымен салыстырғанда 1,6 есеге артқан. Еңбекақы көлемі мамыр айынан бері 1,5 есеге көбейген көрінеді.

Қайтадан қатарға қосылған машина жасау зауытында вагон жабдықтарын шығаратын жаңа өндіріс 2012 жылдың желтоқсан айында іске қосылады. Келер жылдан бастап кәсіпорынның екінші тынысы ашылмақ.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив