KZ
Өскемен
+3°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Ертең қаладағы бірнеше көшедегі көлік қозғалысына шектеу қойылады

30.12.2017, 13:18 131

31-ші желтоқсан күні республика алаңы арқылы өтетін жол бөлігі көлік қозғалысы үшін жабылады. Көліктер сағат 18.00-ден бастап 1-ші қаңтар, түнгі 3.00-ге дейін айналма жол арқылы өткізіледі.


Шектеу белгілері Қазақстан көшесінің Қабанбай батыр көшесімен қиылысынан  Қайсенов көшесімен қиылысына дейін және Орджоникидзе көшесіндегі түйістен бастап Киров көшесінен Пермитинаға дейін жабылады.


30-шы гвардия дивизиясы көшесінде яғни Комендантка өзені бойымен өтетін жол бөлігі бойынша әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Көлік кептелісі болмас үшін полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерінен баратын жол бағыттарын неғұрлым ертерек жоспарлап, ойластырып алуды ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив