KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, З
441.44 473.09 4.75

Куленов кентіндегі емхананы қайта жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

27.12.2017, 06:57 163

Облыс әкімі Даниал Ахметов  жұмыс сапарымен  Куленов атындағы кентте орналасқан  емхананың  жөндеу жұмыстарымен танысты. Жергілікті жұрт асыға күткен әлеуметтік нысанды жөндеу қазір аяқталуға жақын.  Естеріңізге салай кетейік, медициналық мекемені қайта жөндеу  2013-ші жылы басталған болатын. Қазір барлық қосымша шығындармен бірге есептегенде,  жоба құны 500 миллион теңгеге шықты.


– Ауруханада  ересектер мен балаларды қабылдау бөлімдері бөлек қарастырылған.  Сонымен қатар бұнда жедел жәрдем көлігінің енуіне арналған орын да бар. Өйткені осы жерде жедел медициналық көмек көрсетудің үшінші дәрежесі  пысықталатын болады, яғни  шұғыл жағдайда  сырқаттар бірден осы жерге жеткізіледі,-деді  ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.

Сонымен қатар мекемеде әбден ескірген құрал-жабдықтар тізімі де жасалды, ал заманауи медициналық техникаларды алу үшін қосымша 200 миллион  теңге қажет.



– Бұл тамаша емхана 8-ші наурызға қарай дайын болады, одан кешіктіруге болмайды, осы ауданның тұрғындары үшін өте үлкен сыйлық ,-деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Емхана күніне 200 сырқатты қабылдауға қауқарлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив