KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Жарты бірлікпен екі ауысымда қалай жұмыс істеуге болады?

27.12.2017, 04:54 208


– Менің жолдасым Әйгерім Кәрімжанова медицина саласында 30 жыл еңбек етіп келеді. Оның 14 жылын мектептегі медбике болып істеуде. Биылдан бастап аудандық аурухананың бас дәрігері министрдің бұйрығы бойынша деп бір мөлшерлемені (ставка) жартыға түсіріп тастады. Бір мөлшерлеме толық болуы үшін мектепте 500 оқушы болуы керек екен, ал бізде 270 бала ғана бар. Алайда, мектеп оқушылары екі ауысыммен оқиды. Сондықтан жолдасыма түстен кейін де мектепке баруға тура келеді. Себебі балалар түстен кейін де жарақаттанып, сырқаттанып қалуы мүмкін ғой. Жарты ставкамен екі ауысымда күні бойы қалай жұмыс істеуге болады? Ал шағын орталықтары бар мектептерде керісінше жарты мөлшерлеме толыққа көбейтілді. Осы өзгерістердің себебін тиісті мамандар түсіндіріп берсе дейміз?

Нұрлан Назарханов

Преображенка ауылы,

Көкпекті ауданы.


Сауалға облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Абылқайыров жауап береді:


– Қолданыстағы Еңбек кодексінің 71-бабына сәйкес күнделікті жұмыстың ұзақтығы 8 сағаттан аспауы тиіс. Сонымен қатар осы кодекстің 79-бабы бойынша жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүргізуге міндетті.

Жоғарыда аталғандардың негізінде Сіздің сауалыңыздағы Ә.Кәрімжанова 0,5 бірлікте жұмыс істеуіне байланысты, күнделікті жұмыстың ұзақтығы 4 сағаттан аспауы керек. Ә.Кәрімжанова 0,5 бірлікпен екі ауысымда түске дейін екі сағат, түстен кейін екі сағат жұмыс істеуіне болады.


Ал Ә.Кәрімжанованың толық бірліктен 0,5 бірлікке ауысуының және шағын орталықтары бар мектептерде 0,5 бірліктен толық мөлшерлемеге ауысуының себептерін түсіндіру біздің құзырымызға жатпайды. Бұл мәселемен облыстық денсаулық сақтау басқармасына хабарласу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив